
Бұл 56 мың баспана.
2021 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі барлық өңірде ұлғайды.
Атырау (188,1%), Қостанай (120,9%), Жамбыл (114,9%), Шығыс Қазақстан (110,5%) және Қарағанды (110%) облыстары көш басында.
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында биыл 17 млн м2 жаңа тұрғын үй немесе 163 мың баспана салу жоспарланып отыр. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен - 1,4 млн м2 тұрғын үй немесе 48,3 мың пәтер салынады.
"Нұрлы жер" бағдарламасының мақсаты – баспананың қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту.
Ол үшін келесі тетіктер қолданылады:
* ипотекалық тұрғын үй қарыздарын субсидиялау,
* құрылыс салушылардың қарыздарын субсидиялау,
* құрылыс учаскелеріне инженерлік-техникалық инфрақұрылым тарту, оның ішінде – жеке құрылысқа арналған аудандар да қамтылады.