Соколов-Сарыбай комбинатының жобалаушылары Еурокодтар бойынша оқытудан өтті

Соколов-Сарыбай комбинатының жобалаушылары Еурокодтар бойынша оқытудан өтті

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Корпоративтік университеті 2019 жылдың 18 ақпанынан 22-сіне дейін "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірісі бірлестігі" АҚ ("ССКӨБ" АҚ) мамандары үшін "Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және құрылысын салу кезінде Еурокодтарға ұқсас ҚР ЕЖ EN құрылыс нормаларын қолдану" курсы бойынша оқыту жүргізді.

Оқыту Рудный қаласында "ССКӨБ" АҚ базасында ұйымдастырылды, оған 35 жобалаушылар мен конструкторлар қатысты. 

Оқыту барысында мамандар жаңа құрылыс нормалары, жобалаудың жалпы ережелері, талаптары, қағидаттары, халықаралық деңгейде анықталған параметрлер туралы ақпарат, жаңа нормалар бойынша құрылыс конструкцияларын есептеудің мысалдарын және басқаларын алды. 

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға ҚР құрылыс саласында жаңа нормативтік-техникалық база бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы сертификаттар берілді.