
Мемлекет басшысы өзінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «кедергісіз орта» құру қажеттілігін атап өтті.
Осыған байланысты, 08.11.2018 ж. дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мемлекеттік органдардан, мүдделі ұйымдар мен салалық қоғамдық қорлардан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «кедергісіз орта» құру бойынша s.akhilova@mid.gov.kz электрондық мекенжайына ұсыныстар қабылдайтынын хабарлаймыз.
Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша шаралар кешені жасалатын болады.