
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» бюджеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Tanpira» ЖШС-мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша оқыту іс-шаралары жүргізілді.
Қазіргі уақытта «Tanpira» ЖШС-мен Астана, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Павлодар және Қостанай қалаларында келесі:
1) «Тұрғын үй ғимараттарында энергия үнемдеу: энергия үнемдеу технологияларын қолдану және тиімді басқару» тақырыбындағы 15 үшкүндік курстар;
2) «Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін басқару кезінде ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржы және энергия үнемдеу аспектілері, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлерде интеллектуалды басқару жүйелерін қолдану» тақырыбындағы 12 бескүндік курстар;
3) «Тұрғын үй шаруашылығындағы энергия менеджменті, энергия аудиті және энергия үнемдеу» тақырыбындағы 6 онкүндік курстар бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Мақсатты аудитория ретінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында еңбек ететін келесі тұлғалар санаты қарастырылды: кондоминиум объектілерін басқарушы органдардың қызметкерлері мен жетекшілері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдардың мамандары, сервистік қызмет субъектілерінің мамандары, жобалық ұйымдар, тұрғын үй шаруашылығы үшін қызмет көрсететін энергия үнемдеу саласындағы компаниялардың мамандары, қызметі тұрғын үй шаруашылығымен байланысты қоғамдық ұйымдардың мүшелері және т.б.


