
2018 жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-мен бірлесе отырып, «Зерде» ҰАХ АҚ-ның қолдауымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына арналған 1 салалық Цифрландыру күнін өткізеді.
«ТКШ-ны Цифрландыру: сапа мен айқындылық» атты іс-шара қазақстандық шешімдерді ашық талқылау дөңгелек үстел және көрме форматында өткізіледі. Іс-шараға қатысушылар барлық облыстардың әкімдіктері, мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ ТКШ-ны цифрландыруда өз тәжірибесімен бөлісетін шет мемлекеттердің сарапшылары болады.
Іс-шара аясында Сіздердің Дөңгелек үстел уақытында көрме мен қысқа питчілер форматында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қолданылатын өз шешімдеріңізді ұсынуға тамаша мүмкіндіктеріңіз бар.
Қатысуға қызығушылық танытсаңыз, +77004441404 байланыс телефонына хабарласыңыз (Айжан Бердібаева).