Қазақстандық мамандар Өзбекстандағы ғимараттардың беріктігін тексереді

Қазақстандық мамандар Өзбекстандағы ғимараттардың беріктігін тексереді

Келесі аптада Ташкентте "ҚазҚСҒЗИ" АҚ қызметкерлері жүргізетін ауқымды вибродинамикалық сынаулар басталады. Эксперименталдық вибродинамикалық сынаулардың бірнеше кезеңдерінің аясында "Өзбекстандағы қолжетімді тұрғын үй" бағдарламасы бойынша сериялық өндіріске енгізу жоспарланып отырған 9-қабатты үйдің беріктігі тексеріледі. Вибродинамикалық сынаулардың барысында ірі панельді ғимараттың жаңа конструктивтік схемасының сейсмикаға төзімділік деңгейі, оның жобалау шешіміне сәйкестігі тексеріледі. "ҚазҚСҒЗИ" АҚ мамандары сонымен бірге бетонның нақты және жобалық беріктігін сәйкестікке тексереді. Эксперименталдық сынаулардың әр кезеңінен кейін конструкциялар деформациялардың пайда болуына зерттелетін болады. Вибросынаулар барысында алынған конструкциялардың орын ауыстыру үдеулері туралы деректер бұдан әрі жойқын жер сілкінісі болған жағдайда ғимараттың тұру қалпын талдау үшін қолданылатын болады.

Қазіргі уақытта "ҚазҚСҒЗИ" АҚ мамандары вибродинамикалық эксперименталдық сынауларды жүргізу үшін қажетті даярлық жұмыстарын аяқтап жатыр.