
Жақын арада немістің Merus компаниясы өз жабдықтарын Қазақстан Республикасында пайдалану тәжірибесін бастайды. Бұл туралы компанияның Қазақстандағы өкілдігі және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ҚазОрталығы» АҚ) келісімге келді. Жасалған шартқа сәйкес, тараптар жылу құбырларын нығайтуға және пайдалану мерзімін ұзартуға арналған арнайы құрылғыларды орнату және сынақтан өткізу бойынша бірқатар шаралар кешенін өткізуді жоспарлап отыр.
Германиядан келген өкілдердің айтуынша, Merus технологиясын көптеген жылдар бойы қолдану тәжірибесі жылу және сумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылған кезде олардың тиімділігінің жоғарылығын көрсетті. Құбырдың айналасында орнатылған арнайы сақина құбырлардан және тиісті жабдықтан қақ, тот және басқа да бактерияларды алып тастайтын молекулалық тербелістерді құрайды. Жойылған бөлшектер құбырлардан жуылады, жүйенің бастапқы жоғары өнімділік сипаттамаларын қалпына келтіреді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл технология үйлер мен ғимараттардың жылыту және күтіп ұстау шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Жақын арада Merus өзінің жабдықтарын Астана қаласында 6 айдың ішінде пилоттық жоба ретінде пайдалану үшін жеткізіп, орнатады. Осы кезеңде мамандандырылған зертханалар пайдалану тәжірибе нәтижелерінің техникалық және зияткерлік зерттеулерін жүргізеді.
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі басшылығының тапсырмасы бойынша біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында алдыңғы қатарлы шетелдік технологияларды зерделеу мен сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізудеміз. Мұндай технологияларды сынамалық пайдаланудың оң нәтижесі болған жағдайда, осы немесе басқа компаниямен одан әрі ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыратын боламыз», - деді «ТКШ ҚазОрталығы»АҚ басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев.
Merus құрылғыларын орнату және сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба Астана қаласы әкімдігінің, «Астана-Теплотранзит» АҚ басшылығы мен «Астана Су Арнасы» МКК-нің қолдауымен жүзеге асырылатын болады.
Анықтама үшін:
«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.
«Merus» - сумен жабдықтау және жылыту жүйелеріне арналған жабдық өндіретін неміс компаниясы. MERUS технологиясы – бұл сумен жабдықтау және жылыту құбырларының қабырғаларындағы қақ, жемірілу, биоқаулауғақатысты проблемалардың тамаша шешімі. Құрылғылар әртүрлі қызмет салаларында – өнеркәсіп пен кеме қатынасынан тұрмыстық шаруашылық пен жеке баспана саласына дейін табысты дәлелденген.
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ баспасөз қызметі: Кәрібжанова Алтынай, +7-7172-999449 (ішкі 1229), a.karibzhanova@zhkh.kz