
Жапон сейсмикалық оқшаулау қоғамының (JSSI) атқарушы директоры Кенжи Савада (Mr.Kenji Sawada) Алматы қаласында жұмыс бабымен келгенде "Сейсмикаға төзімді құрылыс технологиялары" халықаралық семинарының аясында Қазақстан мен Жапонияның құрылыстарды берік ету принциптерінің ортақ жерлері көп екенін айтты.
"Жапония шағын мемлекет, бірақ біздің сейсмикаға төзімді құрылыс саласында әсіресе, сейсмикалық оқшаулағыш технологияларды қолданудағы тәжірибеміз мол. Қазақстандық әріптестермен кездесу барысында біздің сейсмикаға төзімді құрылысты дамыту саласында тәсілдеріміз ұқсас және менталдылығымызда да ортақ нәрсе көп екенін байқадық. Қазақстандық мамандар Жапонияның сейсмикалық оқшаулағыш технологияларды пайдаланудағы тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытты", - деді Савада (Mr.Kenji Sawada). Заңнамалық деңгейде Жапониядағы құрылысшылар сейсмикалық оқшаулағыш технологияларды пайдалана отырып құрылыс салуға міндетті емес. Сол уақытта ауруханалар, балабақшалар, өрт сөндіру бөлімдері, қалалық әкімшілік ғимараттары, ақпарат сақтау орталықтары сияқты әлеуметтік маңызы бар объектілерді жобалау кезінде сейсмикалық оқшаулағыш тығырықтарды немесе демпферлерді пайдалану заңмен регламенттелген"
Өз кезегінде, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) сарапшылары жапондық әріптестеріне Қазақстандағы сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша нормалар қалай дамып жатқанын, жаңа құрылыс материалдарын сейсмикаға төзімділікке қалай тексеретіні туралы айтып берді.
Жақын арада жапондық Хоккайдода болған жойқын жер сілкінісінен кейін шетелдік мамандарды қазақстан мамандарымен сәтті қолданылатын тау беткейлері мен терең қазаншұңқырлардың бөктерлерінің сейсмикалық төзімділігін нығайту қызықтырды.
"Қазақстанда сейсмикаға төзімді құрылыс мектебі мықты. Ғимараттар мен құрылыстарды нығайтуға арналған сейсмикалық оқшаулағыш материалдар бізде көп жылдардан бері қолданылып келеді, алайда жапон әріптестерінің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы тәжірибесі бағалы болып саналады. Себебі арнайы конструкцияларды (демпферлер мен сейсмикалық сөндіргіштер) пайдалануды көздейді. Қазақстан мен Жапония арасындағы ғимараттар мен құрылыстарды жойқын апаттардан қорғау саласындағы халықаралық серіктестігі жалғасады, практикалық және эксперименталдық арнаға өтеді деген үміттеміз", - деді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шокбаров.
Анықтама
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ –өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғызмемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты.
Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Иныестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.


