
Астанада Еуропалық Одақтың PRO HOUSE «Қазақстан мен Өзбекстанда тұрғын үйді кәсіби басқару» жобасы шеңберінде «Ғимараттардың энергия үнемдеудін оңалту – техникалық аспектілер. Германия мен Шығыс Еуропаның жаңғырту үлгісі. Қазақстандағы жағдай» тақырыбында семинар өткізілуде. Іс-шара 3-7 қыркүйек аралығында ҚР «Атамекен» ҰКП алаңында өтіп жатыр.
Қазақстан мен Германия мамандары ғимараттар үшін энергетикалық стандарттарын, ғимараттарды кешенді оңалтудың техникалық аспектілері, үйлерді энергиямен қамсыздандыру үшін заманауи технологиялар, бұрынғы ГДР-дың аудандарында бұқаралық оңалтуды жүргізудегі Германия тәжірибесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың жалпы мәселелерін талқылау үстінде.
Мемлекет басшысы ҚР Парламентінің 4-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде тұрғындар арасында наразылық тудыратын ТКШ саласында шешілмеген мәселелерге аса назар аударды. Тұрғын үй саласындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Тұрғын үй қатынастары туралы» қолданылып жүрген Заңға және басқа да бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер әзірледі.
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ инфрақұрылымды және тұрғын үй кешенін дамыту әдістемесі департаментінің директоры Мадина Мурсакинаның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық секторындағы ең өзекті мәселелерге тұрғын үй қорының жоғары деңгейде тозуын, көп пәтерлі тұрғын үйлердің (КТҮ) энергия тиімділігінің төмен деңгейі және пәтер иелерінің үйлерді күрделі жөндеуге жұмсайтын жиналған ақшалай қаражаттарының болмауын жатқызуға болады.
«Бүгінде тұрғын үй қорының жағдайларын және энергия тиімділігін арттыру әрбір үйді кәсіби басқару мен күтіп ұстау жағдайында ғана шешілетін басым міндеттерінің бірі болып табылады. Ол үй-жайлар (пәтер) иелері жалпы үйлік ресурс үнемдейтін іс-шараларды және уақтылы күрделі жөндеу жүргізудің экономикалық пайдасын түсінгендері – өте маңызды жәйт. 2011 жылы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға меншік иелерінің күрделі жөндеуге қаражат жинау үшін ай сайынғы жарналар енгізу қажеттілігі туралы норма енгізілді, бірақ іс жүзінде бұл норма жұмыс істемейді және мәселе шешілмей келеді», - деді Мадина Мурсакина.
«Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» (IWO) Бастамасының халықаралық сарапшылары Балтық елдерінде, Германия және Шығыс Еуропада ғимараттардың энергия үнемдеуін оңалту пилоттық жобаларын бастамашылық етуде және іске асыруда өз тәжірибелерімен бөлісті.
Жоба менеджері PhD докторы Гүлжан Тлеукенова ғимараттарды энергетикалық жаңғыртудағы кешенді тәсіл бойынша Германияның тәжірибесін ұсынды және типтік үй құрылысының кеңестік жобалары бойынша салынған панельді тұрғын үйлерді қайта құруға ерекше назар аударды. Кезінде осы үйлер ГДР-дің ірі қалаларының тұрғын аудандарының негізін қалады.
Ол Қазақстандағы үйлердің техникалық жай-күйі мәселесі аса өзекті болып отырғанын атап өтті. Тәжірибе көрсеткендей, меншік иесі техникалық тұрғыдан үйді пайдалануға және оны жаңғыртуға дайын емес. Бүгінгі күні Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеуді қаржыландыру арқылы тұрғын үй мәселесі шешілуде. Көптеген жағдайларда мұндай қайта құрулар шатырларды жөндеумен және инженерлік коммуникацияларды ауыстырумен шектеліп қалады. Кешенді энергия үнемдеуге әлі жеткен жоқпыз. Таяудағы уақытта энергия тиімділігінің төмендігі мәселесі, панель үйлерінің тұрғындары үшін жылу беру шоттарына айтарлықтай ақша төлеуге тура келгенде қиындық туғызады.
«Бұл жағдай меншік иелерінің панельдік үйлерді күрделі жөндеуге және жинақталған қаражаттың, ең алдымен, өз үйлерін жылытуға белсенді қатысу қажеттілігін тудырады. Неміс тәжірибесі мен энергия тиімділігін жаңғырту технологиялары бүгінгі күні өте пайдалы болады », - деді Гүлжан Тлеукенова.
Семинардың бір күні толығымен практикалық бөлімге арналды, оның құрамына Астанадағы көп пәтерлі тұрғын үйді тексеру және оның шатыры, жертөлелері, кіре берістері мен инженерлік жүйелерін (жылу, желдету, ыстық сумен жабдықтау) қоса алғанда, энергияны жаңғырту бойынша ұсыныстар кіреді.
Семинар өз жұмысын 7 қыркүйекте аяқтайды, содан кейін тұрғын үй қорын басқару, күтіп ұстау және жаңғырту бойынша конференция өткізу және тұрғын үйді басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр.
