Меню

Страницы

Статья

Нурлы жер

Елбасының стратегиялық бастамаларын және мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін 2018 жылғы 5 қазандағы, 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдаулары және сайлауалды бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жобасы «бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді.

Мемлекеттік бағдарламаға Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасынан және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасынан коммуналдық инфрақұрылымды, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, тұрғын үй қорын жаңғырту мәселелері интеграцияланған.

«Нұрлы жер» бағдарламасы халықтың қалың жігіне бағытталған және 5 негізгі міндеттерді іске асыру арқылы жеке инвестициялар мен халықтың жинақтарын тарту есебінен тұрғын үй мен құрылыс секторының қолжетімділігін қолдаудың мынадай тетіктерін ұсынады:

- бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру;

- халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету;

- тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту;

- тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және қайта жаңарту;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру.

Бағдарламаның мақсаты – тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз етуді бір тұрғынға шаққанда 26 шаршы метрге дейін ұлғайта отырып, біз барлық көздер бойынша 103 млн. шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, Бағдарлама нәтижелері көрсеткіштерінің бірі халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне 100 % қол жеткізуін қамтамасыз ету (бүгінгі күні қалаларда 97 % және ауылдарда 62 %), қолданыстағы тіршілікті қамтамасыз ету желілерінің тозуын 47 %-ға дейін (бүгінгі күні 7 %) төмендету және көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді талап ететін үлесті 18,1 %-ға дейін жеткізу (бүгінгі таңда 22,4 %) болады.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мемлекет қатысатын объектілерде 60 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

«Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру» деген 1-міндет шеңберінде тұрғын үйге қол жетімділік сатысы енгізіліп жатыр.

Халықтың табысы айқындаушы фактор болады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыс (29,7 мың теңге) алатын кезекте тұрған адамдарға (жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлер және т.б.) сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй беріледі.

«2-10-20» «Бақытты отбасы» бағдарламасы бұрынғысынша 2 ең төменгі күнкөріс деңгейіне (59,4 мың теңге) дейінгі табысы бар кезекте тұрған адамдарға қолжетімді болады, бұл көп балалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасылар.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасына дейінгі табысы бар (92 мың теңге) кезекте тұрған адамдар (әскери қызметшілер, бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер) «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйіне үміткер бола алады.

3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен асатын табысы бар азаматтар үшін «7-20-25» бағдарламасы қолжетімді.

5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (148,5 мың теңге) асатын табысы бар адамдар (Ұлттық Банктің «Баспана-хит», ҚИК «Орда», ҚТҚЖБ «Өз үйі») тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарықтық өнімдерді пайдалана алады.

Бағдарламаны іске асырудың 6 жылы ішінде 76 мыңнан астам аз қамтылған отбасы сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады.

Осы кезеңде 48 мың көп балалы отбасыларға жалға берілетін тұрғын үй ұсынылады (алғашқы 3 жыл 10 мың пәтер және келесі 3 жыл 6 мың пәтер),

Анықтама: егер ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығына әкімдіктерде тұрғын үй кезегінде 38,2 мың отбасы болса, 1 қазанда 44,7 мың көп балалы отбасы болды.

22 мыңнан астам пәтер әкімдіктерде есепте тұрған қалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына беріледі (жыл сайын 3,7 мың пәтер), 6 мың

жалға берілетін пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға беріледі (жыл сайын 3 мың пәтерден, 2019 жылы жыл аясында жастарды 3 мың пәтермен қамтамасыз етеді). Ай сайынғы жалдау ақысының ең жоғары сомасы 8-10 мың теңгені құрайды, бұл жас мамандарға осындай пәтерде тұрып, өз тұрғын үй сатып алу үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді.

«Бақытты отбасы» бағыты шеңберінде 4 жыл ішінде ҚТҚЖБ арқылы 2 %-ға 40 мың жеңілдікті кредит беріледі. Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап мұндай қарыздарды беру екі есе, 10 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды (2019 жылы 5 мың қарыз беру қамтамасыз етіледі).

Әкімдіктердің мемлекеттік бағалы қағаздарын шығару есебінен қолжетімді кредиттік тұрғын үй құрылысы жалғасуда. 6 жыл ішінде халыққа сатып алуға ұсынылатын болады. 68 мың кредиттік пәтер (жыл сайын 11,3 мың пәтер) салынады.

Бұл жерде бюджеттен қосымша қаражат тартылмайтынын атап өту қажет. Іске асыру дағдарысқа қарсы шаралар аясында 2016-2017 жылдары Ұлттық қордан бұрын бөлінген қаражатты қайта пайдалану есебінен жүргізіледі.

Кредиттік тұрғын үйді сатып алуды қамтамасыз ету үшін ҚТҚЖБ-ның 18,7 мың қарызы жылдық 5 %-бен беріледі (жыл сайын 30 млрд. теңгеге 3,1 мың қарыз).

Әлеуметтік тұрғын үй алудың ашықтығын және бірыңғай жүйелік есепке алуды қамтамасыз ету үшін Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық базасы енгізілуде.

Бұл есепке қою, деректерді салыстыру және тұрғын үйді бөлу, кезектен алу процестерін автоматтандыруға және тұрғын үйдің қолжетімділігін анықтау үшін деректерді пайдалануға мүмкіндік береді, мемлекеттік қолдаудың атаулылығын және мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Халықтың және Бизнестің тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарын инженерлік коммуникациялармен жайластыруға жыл сайынғы қаржыландыруды 130 млрд.теңгеге дейін ұлғайтамыз (2020 жылға дейін 100 млрд. теңгеден көзделген).

Оның ішінде осы қаражат есебінен жыл сайын қажетті инфрақұрылыммен дайындалған 40 мың жер учаскелері халыққа жеке тұрғын үй салуға берілетін болады (2017-2019 жылдары 170 мың ЖТҚ учаскелеріне).

Бағдарламаның екінші міндеті – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Қалалық елді мекендерде республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4188 км сумен жабдықтау (2420 км) және су бұру (1768 км) желілерін салуды жоспарлап отырмыз.

Желілерді реконструкциялау үшін бюджеттен тыс қаржыландыру, МЖӘ тетіктері және ХҚҰ қарыздары пайдаланылатын болады.

Халқы 200 адамнан аз ауылдарда сумен жабдықтау проблемасы суды тазалаудың кешенді блок-модульдерін орнату арқылы, ал халқы 200 адамнан

астам ауылдарда орталықтандырылған сумен жабдықтау арқылы шешілетін болады.

Біз 2023 жылға қарай орталықтандырылған сумен жабдықтауға 100 % қолжетімділікті қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ кәріздік-тазарту құрылыстарын (бұдан әрі – КТҚ) салу және реконструкциялау мәселелері шешілетін болады.

86 қалалық елді мекеннің 58-інде ғана КТҚ бар, олардың орташа тозуы 60%-дан жоғары.

ХҚҰ-дан 53 КТҚ реконструкциялау және салу үшін 328 млрд. теңге тарту жоспарланған.

МҚҰ Үкіметтің кепілдігімен 15 жылға дейінгі мерзімге кредит бөлуге дайындығын растайды.

Анықтама: Борышқа қызмет көрсету үшін тарифті субсидиялау қажет (жылына 25 млрд. теңге).

Бұл 3 жыл ішінде қалалардағы КТҚ-ны толық жаңғыртуға және 2024 жылға қарай КТҚ-ны 100 % қамтуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаның үшінші міндеті ТКШ саласын жаңғырту мен дамытуға бағытталған.

Қазақстан бойынша жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 11511 км құрайды, олардың орташа тозуы 60 %.

3 381 км желілер тозған, яғни реконструкциялауды қажет етеді.

Ескі желілерді ауыстыруға бюджеттік кредит беру тетігі шеңберінде 240 млрд. теңге бағыттау ұсынылады.

Төртінші міндет тұрғын үй қорын күрделі жөндеу мен реновациялау бойынша шараларды көздейді.

Бүгінгі күні республиканың тұрғын үй қорында 78 мыңнан астам көппәтерлі үй бар, оның ішінде 18 мың үйі күрделі жөндеуді қажет етеді.

2020-2021 жылдары өңірлерге 30 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр, бұл 700 үй мен 126 үйді айналмалы қаражат есебінен жөндеуге мүмкіндік береді (барлығы 826 көппәтерлі тұрғын үй).

Бесінші міндет шеңберінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру бойынша шаралар қабылданып жатыр:

- жаңа нормативтерді, үлгілік жобаларды, жалпы мемлекеттік маңызы бар қала құрылысы жобаларын әзірлеу және қолданыстағыларын өзектендіру;

- нормативтік-құқықтық актілер мен техникалық құжаттарды (BIM-технологиялар) цифрлау және қала құрылысы кадастрын дамыту (жерүсті және жерасты коммуникацияларын түгендеу).

Құрылыс процестерінің ашықтығын белгілеу және құрылыс сапасын бақылау мақсатында «Е-Құрылыс» бірыңғай ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр.

Анықтама: осы порталдың жұмыс қағидаты мынадай: Тапсырыс беруші порталға барлық рұқсат беру құжаттарын және жобалау-сметалық құжаттаманы жүктейді.

Құрылыстың қалған қатысушылары (мердігерлер, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау) электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен осы

порталға қол жеткізеді және әрқайсысы өз құзыреті шеңберінде функцияларды жүзеге асырады.

Жүйе төтенше жағдайлар, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарын және еңбек инспекциясын және басқа да мүдделі органдарды қосуға, сондай-ақ объектіні пайдалануға қабылдау рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Барлық жұмыс блокчейнде жүргізіледі, мәңгі сақталады және деректерді түзету мүмкін емес.

Бұдан басқа, сараптама ұйымдарының ғимараттарға техникалық тексеру жүргізу жөніндегі жұмысын ретке келтіруді жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ сараптама қызметін өзін-өзі реттейтін ұйымға (ӨРҰ) беруді қараймыз, ол сараптама ұйымдарын қызметтерді тұтынушылар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық (кәсіби) жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыруға міндеттейді. Бұл ретте мемлекетке ӨРҰ қызметін бақылау жөніндегі функция бекітілетін болады.

Бұл жұмыс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-климатты жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде жүргізіледі.

Қаулы мен Бағдарламаны іске асыру үшін 6 жыл ішінде (2020-2025 жылдары), республикалық, жергілікті бюджеттерді және бюджеттен тыс қаражатты қоса алғанда, қаржы ресурстарына деген жалпы қажеттілік 4 837 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

республикалық бюджеттен - 3 132 млрд. теңге (үлесі 65 %), оның ішінде 2020 жылға – қосымша 224,7 млрд. теңге қажет (жалпы қажеттілік 614,1 млрд. теңге, оның ішінде 389,4 млрд. теңге 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама бюджетінде көзделген).

Дата публикации
14 февраля 2020
Дата обновления
14 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

Бағыттар
03 октября 2025
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
03 марта 2025
Жылу энергиясын тұтыну бөлігіндегі жылу энергетикасы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы