Баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

Баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі  ережесінің  14-тармағының  27) және  29)  тармақшаларына,  «Құрылыстағы  баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы»  Қазақстан Республикасы Индустрия  және инфрақұрылымдық  даму  министрлігінің   Құрылыс  және тұрғын  үй-коммуналдық   шаруашылық  істері  комитеті Ғылыми-техникалық  кеңесінің  2020  жылғы  21 қыркүйектегі № 09-1 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. ҚР ЖТБЖ 8.04-12-2020 «Құрылыс үшін жүктерді тасымалдауға арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы» 2020 жыл (1-шығарылым) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық 2020 жылғы 5 қазаннан бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                                                                                М. Жайымбетов

Бұйрық
Дата публикации
02 октября 2020