«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Ережесінің 14-тармағының 27) және 29) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді бекіту және тармақтарды алып тастау туралы» Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 39-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
- Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мынадай мемлекеттік нормативтер бекітілсін:
- «Құрылыс жұмыстарына арналған элементтік сметалық нормалар» ҚР ЭСН 8.04-01-2022;
- «Жабдығын монтаждауға арналған элементтік сметалық нормалар» ҚР ЭСН 8.04-02-2022;
- «Жөндеу-құрылыс жұмыстарына арналған элементтік сметалық нормалар» ҚР ЭСН 8.05-01-2022;
- ҚР ЭСН 04-03-2022 Іске қосу-жөндеу жұмыстарына арналған элементтік сметалық нормалар.
- Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерден тармақтар алып тасталсын.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.