Баға белгілеу және сметалар бойынша нормативтік-техникалық құжатқа өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Баға белгілеу және смета жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 307-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салу шығындарының сметалық нормаларының жинағы» ҚР ҚШН 8.04-05-2015».

Баға белгілеу және сметалар бойынша нормативтік-техникалық құжатқа өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
01 марта 2022