Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын жұмыстарды жүргізу технологияларының ТІЗБЕСІ (2022 жылғы бірінші қаңтардағы жағдайы бойынша)

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогының (СҚҚК) жіктеу бөлімін білдіретін Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын жұмыстарды жүргізу технологияларының осы тізбесі (2022 жылғы бірінші ақпандағы жағдай бойынша) (бұдан әрі - Тізбе) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жасалған.

СҚҚК-4-2022 тізбесіне «Құрылыстағы технологиялық  карталарды әзірлеу, келісу, бекіту және олардың құрамы жөніндегі мемлекеттік норматив» талаптарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен құрылыстағы технологиялық және техникалық-нормалау карталар енгізілген.

Осы құжат Қазақстан Республикасы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын жұмыстарды жүргізу технологияларының ТІЗБЕСІ (2022 жылғы бірінші қаңтардағы жағдайы бойынша)
Дата публикации
27 января 2022