Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

«Қазақстан  Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі  ережесінің  14-тармағының  27) және  29)  тармақшаларына,  «Құрылыстағы  баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы индустрия  және инфрақұрылымдық  даму  министрлігінің  Құрылыс  және тұрғын  үй-коммуналдық   шаруашылық  істері  комитеті Ғылыми-техникалық  кеңесінің 2021 жылғы 22 қазандағы № 24 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  • «Құрылыс, жөндеу-құрылыс жұмыстарына және жабдықты монтаждауға арналған ресурстар шығысының элементтік сметалық нормаларының жинақтары, Құрылыс машиналарын және механизмдерін пайдалануға арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы (ҚР ЭСН 8.04-01-2015, ҚР ЭСН 8.05-01-2015, ҚР ЭСН 8.04-02-2015, ҚР МПБЖ 8.04-11-2020) Өзгерістер мен толықтырулар. 23-шығарылым» бекітілсін.
  1. Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді.

 

Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы
Дата публикации
02 ноября 2021