Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығымен бекітілген Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесіне (ВЖЖҮӘ) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Сметалық-нормативтік базаны жүргізу үшін Отандық өндірушілер өндіретін құрылыс өнімінің номенклатурасы бекітілсін.
- «Сметалық-нормативтік базаны жүргізу үшін Отандық өндірушілер өндіретін құрылыс өнімінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 7-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
- Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі - Комитет) ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.