Нақты мақсаттар
Бұйрық жобасында мемлекеттік қызметті автоматтандыруды және Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін, Ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымдарын аккредиттеуді өткізу тәртібін регламенттеуді ескере отырып, Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту, сондай-ақ стандарт пен регламентті жоюға қою көзделеді.
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді.