«Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы»  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 19 желтоқсанда № 9981 тіркелді, 2015 жылы 2 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде  жарияланды) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықта бекітілген, салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері;»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібі»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында:

1) жерге тиісті құқық беру туралы берілген шешімдер және қабылданған құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы хабарламалар негізінде салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы;

2) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектінің тапсырыс берушісі ұсынған деректер, сондай-ақ бақылау және қадағалау жүргізу қорытындылары бойынша алынған деректер негізінде салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингін жүзеге асырады.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингі бойынша ақпарат беру тәртібі»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әр айдың 5-күніне салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпаратты;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тоқсан сайын 5-күніне салынып жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратты жібереді.

Егер бұдан әрі объектілер мен кешендер құрылысын жоспарлау болмаған жағдайда, салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпарат осы тармақта көрсетілген мерзімде берілмейді.».

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Индустрия және

инфрақұрылымдық даму

министрі                                                                                                                        Ж. Қасымбек

 

Дата публикации
17 февраля 2020