«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 489) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Оқшаулайтын және әрлейтін жабындар» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 2.04-05-2019 бекітілсін;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жерастылық тау қазбалары» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 2.03-04-2019 бекітілсін;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Тау-кен қазбаларын жерасты және беттік сулардан қорғау» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 2.03-05-2019 бекітілсін;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазбалы аумақтарда және отырмалы топырақтарда орналасқан ғимараттар мен имараттар» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 2.03-01-2019 бекітілсін;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Ауаны жылыту,желдету және кондиционерлеу» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 4.02-01-2019 бекітілсін;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жабдықтар мен құбыр жолдарын жылумен оқшаулау» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 4.02-02-2019 бекітілсін;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жылу желілері» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 4.02-04-2019 бекітілсін;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Қазандық құрылғылары» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 4.02-05-2019 бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Техникалық реттеу және нормалау басқармасы: заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы |
М. Жайымбетов |