
1981 жылы 10 қаңтарда Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы" мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылы - Халықаралық Қазақ-Түрік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "Сәулет" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі :
Жамбыл облысы прокуратурасының штаттан тыс маманы (2002-2004);
"Жамбыл облысының құрылыс, сәулет және өңірлік құрылыс басқармасы" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің "бас кәсіпорны" сәулет жоспары бөлімінің инженер-механигі (2004-2005);
ҚР Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында жетекші маман (2005-2006);
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және құрылыс басқармасының жетекші маманы, бас маманы (2006-2010);
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы (2010-2012);
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы (2012-2017);
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары (2017-2018);
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары (11.2018-06.2020);
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы (2020 - 2022)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары (2022-2024)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы (19.04.2024 бастап)