
Туризм
Көкшетау қаласында туризмді дамыту "ҚР-дағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы заңды және "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Негізгі міндет ішкі туризмді дамыту және инфрақұрылымды дамытуды және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды қамтитын бәсекеге қабілетті туристік саланы құру болып табылады.
Көкшетау қаласының туристік кластерін дамыту үшін "Көкшетау қаласының туризмін дамытудың 2019 – 2023 жылдарға арналған Жол картасы" әзірленді. Бағдарламаның операторы "Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ болып табылады.
Бүгінгі таңда Көкшетау қаласында туризмнің 5 бағыты жұмыс істейді және даму әлеуеті бар.
1) қонақ үйлер мен қонақ үй кешендері.
2) Көкшетау қаласының көрікті жерлері
3) Гастрономиялық туризм.
4) жол бойындағы сервис.
5) демалыс аймақтары.