
Шағын және орта бизнесті дамыту кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған шағын және орта кәсіпкерліксіз мемлекеттің макроэкономикалық жағдайының тұрақтылығы туралы айту қиын. Осының салдарынан, Тәуелсіздік басында шағын және орта бизнес Қазақстанда экономиканың маңызды секторы ретінде айқындалды. Шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау әрқашан мемлекеттік саясаттың басымдығы болды.