2026 жылдың 1 қазанында Мемлекеттік қазынашылық комитетінде қазынашылық жүйесінде ұзақ жылдар еңбек етіп, бүгінде зейнет демалысына шыққан ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Салтанатты іс-шараны Комитет төрағасы Рахат Тоқбаев ашып, ардагерлерге жылы лебізін білдірді.
Кездесу дәстүрлі форматтан бөлек, таныстырылым түрінде ұйымдастырылды. Комитет төрағасының орынбасары Айгүл Байгужина Комитеттің алдағы даму бағыттары мен перспективалары туралы кеңінен баяндады. Ардагерлерге цифрлық теңге, Мемлекет басшысы қойған міндеттер және қазынашылық жүйесін одан әрі цифрландыру бағытындағы жұмыстар таныстырылды.
Кездесу барысында ардагерлер назарына қазынашылық жүйесінің тарихынан сыр шертетін архивтік бейнематериалдар мен фотосуреттер ұсынылды. Жылы жүздесу естелікке толы сәттермен жалғасып, ардагерлер мен комитет ұжымы бірге ән шырқады.
Бұл кездесу – қазынашылық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан аға буынға деген құрметтің және ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болды.
Бүгін Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев Жетісу облысының тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында Комитеттің ағымдағы жылғы сегіз айдағы қызметінің қорытындылары ұсынылып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырмалы көрсеткіштер келтірілді. Сондай-ақ қазынашылық жүйесін дамытудың басым бағыттары, заңнамадағы жаңашылдықтар, цифрландыру, цифрлық теңге және алдағы даму перспективалары туралы айтылды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға Комитет төрағасы өз құзыреті шегінде жан-жақты жауап берді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Тоқбаев Рахат Келдібайұлы Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесуде қазынашылық қызмет көрсету, мемлекеттік қаржыны басқарудағы ашықтық пен тиімділік мәселелері талқыланады.
Форматы: онлайн
Күні: 2026 жылғы 15 қыркүйек сағ.:10:00-де
Азаматтардың сұрақтары мен ұсыныстары kk_mfrk@minfin.gov.kz поштасы және 87078237070 телефоны арқылы қабылданады
2025 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Міндеттемелерді тіркеу және бюджеттің қазынашылық атқарылуын талдау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізілетін болады.
5 қыркүйек – ұлы ағартушысы, ғалым, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні, және де дәл осы күн былтырдан бері Қазақстан халқының тілдері күні ретінде аталып өтеді.
Осыған орай, назарларыңызға Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкері Дильназ Өрікованың ана тіліне арнап шығарған өлеңін ұсынамыз.
Сен өшпеші, сен өлмеші жан тілім,
Арнадым саған жүрегімнің бар үнін.
Өтсе-дағы қаншама мың алапат,
Бабам тілі қалды бізге - АМАНАТ!
Ата-бабам найза тіккен ел үшін,
Батырларым құрбан болды жер үшін.
Бәлкім үндеу, бәлкім сырым, білмеймін,
Ана тілім, мен құрбанмын сен үшін!
Неткен ғажап, құдіретті біздің тіл,
Сөзі көркем, өзі шешен, әрі жыр.
Қазақ атам мұра еткен парызым,
Тілімізді қастерлейік сол үшін!
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің ұжымы жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті. Отбасында тоғыз бала тәрбиеленуде, олардың алтауы – мектеп жасындағы балалар.
Комитет қызметкерлері отбасыға қажетті заттар мен қаражат жинауды ұйымдастырды. Акция аясында кеңсе тауарлары мен оқу құралдары, азық-түлік, киім-кешек және басқа да қажетті заттар табысталып, сондай-ақ қаржылай көмек көрсетілді.
«Мектепке жол» акциясына қатысу Комитет ұжымы үшін көп жылдан бері қалыптасқан игі дәстүрге айналды. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл акция өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетіп қана қоймай, балалардың жаңа оқу жылын алаңсыз әрі жақсы көңіл-күймен бастауына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Қайырымдылық жасау және қоғамдық маңызы бар бастамаларға қатысу Мемлекеттік қазынашылық комитеті ұжымының қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осындай игі бастамалар қызметкерлерді біріктіріп, өзара көмек, жауапкершілік пен жанашырлық құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының 2026 жылғы 30 шілдедегі №1016 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 24 тамыз бен 24 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Міндеттемелерді тіркеу және бюджеттің қазынашылық атқарылуын талдау басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Анықтама телефоны: 8 7172 71 71 55
2026 жылғы 1–3 шілде аралығында Ресей Федерациясының Федералдық қазынашылығы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті арасындағы техникалық ынтымақтастық туралы меморандум аясында мемлекеттік қаржыны цифрландыру, қазынашылық жүйелерді жаңғырту және қазынашылық қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында қазақстандық делегацияның Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапары өтті.
Делегация құрамында Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев, сондай-ақ басқарма басшылары Баян Сыдықова мен Еркебұлан Мусаров болды. Сапар барысында тараптар қазынашылық жүйелерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, цифрлық трансформация саласындағы үздік тәжірибелермен алмасты және екіжақты ынтымақтастықтың алдағы бағыттарын айқындады.
Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұйымдастырған велошеруге қатысты. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған спорттық іс-шара орталық аппараттың, комитеттердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырып, бірлік пен командалық рухтың, сондай-ақ ортақ мемлекеттік құндылықтарға адалдықтың жарқын көрінісіне айналды.
Жарыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды. Әйелдер арасында Айгерім Садыбек І орынды, ал Айгүл Сарсембенова ІІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлері Алтынбаев Данияр «Үздік қорғаушы», ал Мамиров Мұрат «Жыл жетістігі» номинациялары бойынша Қаржы министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!
Мемлекеттік қазынашылық комитетінде еліміздің барлық өңірінен жиналған, кәсіби қызметте, спортта және қоғамдық өмірде үздік нәтиже көрсеткен “Жас қаржыгерлер форумы” өтті.
Жаңа Конституцияның қабылдануы мен Мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметті өткеру департаментінің директоры Роза Мұратқызы, конституциялық құқық, заң шығару қызметі, мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар саласындағы сарапшы, "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлегі, Колумбия университетінің магистрі Нұрғазы Әнуарбеков, Қазақстан Республикасы Агенттігінің норма шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары баяндама жасады Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Гүлнар Мұхамедиева, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басқару институтының профессоры Әли Сабыржан, Комитет төрағасының орынбасары Айгүл Байғожина баяндама оқыды.
Аталған шара форумға қатысушы жас мамандардың өздері әзірлеген мерекелік концертпен аяқталды.