
2025 жылғы 7 ақпанда Қазынашылық комитетінде 2024 жылғы қызметінің қорытындылары және 2025 жылға арналған міндеттер бойынша алқа отырысы өтті
Алқаға Қазынашылық Комитеті мен өңірлік Қазынашылық департаменттерінің басшылығы, сондай-ақ Комитет басқармаларының басшылары қатысты.
Алқа Төрағаның орынбасарлары Айвар Зейнуллин "Ақпараттық жүйені дамыту және өтімділік басқармасы" тақырыбында, Ерлан Тюлюпов "Қазынашылық комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы" тақырыбында және Персоналмен жұмыс басқармасының басшысы Қамшат Арыстанбекова "Персоналды басқару қызметінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және еңбек тәртібін сақтаудың ағымдағы жағдайы туралы" тақырыбында баяндама жасады. Баяндама тақырыптары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды: залдан көптеген сұрақтар келіп түсті және әртүрлі нюанстар талқыланды.
Бұдан әрі Департаменттердің қызметінің қорытындысы бойынша Атырау облысы бойынша және Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаменттерінің басшылары Кенжетай Тайшықов пен Бағдат Қалижанов баяндама жасады.