
Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Келдібайұлы Тоқбаевты орталық және аумақтық қазынашылық органдарының ұжымы атынан 60 жасқа толу мерейтойымен құттықтаймыз!
Алпыстың асқарынан асқан асуыңыз құтты болсын!
Рахат Келдібайұлы Тоқбаев 40 жыл бойы еліміздің қаржы саласына қызмет етіп келеді. Оның жоғары кәсібилігі, жұмысқа деген адал көзқарасы көптеген адамдар үшін үлгі болды. Өз жұмысының жылдарында Р. Тоқбаев мемлекеттік қаржыны басқарудың отандық жүйесін дамытуға зор үлес қосты. Қазынашылық органдарының екі мыңға жуық ұжымы Төраға Рахат Келдібайұлына зор денсаулық, бақыт және жаңа жетістіктерге шабыт тілейді!