
Бүгін Қазынашылық комитетінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің төрағалығымен кеңес өтті. Іс-шараға Қаржы вице-министрлері, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы, сондай-ақ Қазынашылық комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Кездесу барысында қазынашылық қызметкерлері бюджетті жоспарлау, шығыстар, кірістер мен төлемдер сияқты негізгі бағыттарды қамтитын қазынашылықтың ақпараттық жүйесін таныстырды. Мәди Такиев ұсынылған әзірлемелердің қаржылық басқарудың тиімділігін арттыру және елдің қазынашылық жүйесін нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.
Кеңес соңында М. Тәкиев Қазынашылық комитетінің ұжымын келе жатқан Жаңа Жылмен және 2025 жылдың 1 қаңтарында 60 жасқа толатын Комитет төрағасы Рахат Тоқбаевтың мерейтойымен құттықтады. Министр ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің атынан құттықтау хат оқып, төрағаның кәсібилігі еңбегін атап өтті.
Құттықтау хаттары сонымен қатар ҚР Президентінің кеңесшісі Е.Жамаубаевтан, ҚР Бас прокуроры Б. Асыловтан, Премьер-Министрдің орынбасарлары Р. Склярдан, Қ. Бозымбаевтан, Т. Дүйсеновадан, Астана әкімі Ж. Қасымбектен және республиканың басқа да бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларынан алынғанын атап өтеміз. Сондай-ақ, Рахат Тоқбаевтың атына PEMPAL қазынашылық Қоғамдастығының Басшысы, Ресей, Сербия, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттік қазынашылықтарының басшылары құттықтау жолдады.