Қазынашылық комитетінің өкілдері Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментіне барды

Қазынашылық комитетінің өкілдері Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментіне барды

2024 жылғы 13 желтоқсанда Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Е. К. Тюлюпов және Персоналмен жұмыс басқармасының басшысы К. Б. Арыстанбекова Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл секілді заңнамалар нормаларының және мемлекеттік қызметшінің этикасының сақталуы талқыланды. Адалдық және парасаттылық, татулық қағидаттарына ерекше назар аударылды.