Қазынашылық комитетінің қызметкерлері "Мемлекеттік қаржы мониторингі бойынша әдіснамалық басшылықты әзірлеу" тақырыбындағы семинарға қатысты

Қазынашылық комитетінің қызметкерлері "Мемлекеттік қаржы мониторингі бойынша әдіснамалық басшылықты әзірлеу" тақырыбындағы семинарға қатысты

Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары А. Байгенжина, сондай-ақ  басқарма басшылары Г.Сәдуақасова мен Б. Балғабаева "Мемлекеттік қаржы мониторингі бойынша әдіснамалық басшылықты әзірлеу" тақырыбындағы семинарға қатысты.

Семинарды Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) бюджеттік мәселелер жөніндегі департаменті және Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдері үшін ХВҚ әлеуетін дамытудың өңірлік орталығы (ЦТП-КЦАМ) ұйымдастырды.

Мұндай форматтағы іс-шаралар кәсіби байланыстарды нығайтуға, білім алмасуға және басқарудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік қаржы мониторингіне көзқарастарды жетілдіруге ықпал етеді.