
2024 жылғы 1 қарашада ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында “2024 жылдың 9 айындағы Қазынашылық комитетінің қызметінің қорытындылары” тақырыбында баяндама жасады.
Төменде баяндамада келтірілген кейбір мәліметтер: “Есепті кезеңде республикалық бюджет бойынша шығыс бөлігінің орындалуы 18 815,8 млрд теңгені немесе жылдық жоспардың 69,5%-ын құрады, ал жергілікті бюджет бойынша нақты шығындар 10 364,8 млрд теңгені немесе жоспардың 97,5%-ын құрады. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарында 15 006 клиент қызмет көрсетуде.
Мемлекеттік сатып алуларға қатысты. 2024 жылдың 9 айында тапсырыс берушілерден 4574 өтінім келіп түсті, 1688 сатып алу процедуралары аяқталып, жалпы сомасы 865,4 млрд теңгені құрады, шартты үнемдеу 13,6 млрд теңгені (1,6%) құрады. 2825 өтінім қабылданбады.
Сондай-ақ, 2024 жылы тапсырыс берушілердің РТҰ-ға енгізу бойынша 13055 өтінімі қанағаттандырылды. Есепті кезеңде қазынашылық органдары электрондық депозитарийде жеткізушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын 27 035 мәліметті растады.”