PEMPAL халықаралық қазынашылық қауымдастығымен бейнеконференция өтті

PEMPAL халықаралық қазынашылық қауымдастығымен бейнеконференция өтті

Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев пен мүдделі құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері PEMPAL халықаралық қазынашылық қауымдастығының ұйымдастырған бейнеконференцияға қатысты.

Бейнеконференция заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қазынашылықты жаңғырту тақырыбына арналды. Тараптар мемлекеттік қаржыны басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасай алатын заманауи құралдарды пайдалану негізінде Талдамалық мүмкіндіктерді дамыту және есептілікті қалыптастыру перспективаларын талқылады.

Онлайн конференция барысында Pempal қауымдастығы Индонезия Қазынашылығының деректерді талдауды қолдану тәсілінің тұсаукесерін ұсынды. Индонезия қазынашылығы "Big Data"жобасын жүзеге асыру шеңберінде қаржыны басқаруды жетілдіру, шешім қабылдауды қолдау және қызметтің ішкі тиімділігін арттыру үшін деректер ғылымы мен жасанды интеллект әлеуетін пайдалануды жоспарлап отыр. бейнеконференцияға қосылып, осы саладағы жетістіктері мен жоспарларына шолу жасайды.