
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз Түсімдерді есепке алу басқармасының басшысы Умарова Гүлнәр Сартайқызын құрметті демалысқа шығарып саламыз, оның тәжірибесі мен кәсібилігі қазынашылардың жас буыны үшін зор.
Гүлнәр Сартайқызын 1963 жылы туылған, білімі жоғары. 1985 жылы Алматы халық шаруашылық институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша «экономист» біліктілігін ала отырып бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Мемлекеттік банктің Қостанай облыстық конторасында экономист лауазымнан бастады. 1991 жылдан бастап Қазақ ССР Ұлттық банктің облыстық басқармасы тексеру бөлімінің бастығы, 1996 жылдан бастап Бюджеттік банкітің облыстық бөлімшесі Мемлекеттік капиталды салуды қаржыландыру секторының жетекші экономист лауазымдарында жұмыс істеді.
Қазынашылық жүйесінде лауазымдарында жұмыс істеді: 1998 жылдан бастап Қостанай облыстық Қазынашылық басқармасы республикалық бюджетті атқару бөлімінің бас қазынашысы, 2002 жылдан бастап Астана қаласы Қазынашылық басқармасы Банктік операциялар жөніндегі бөлімінің бас қазынашысы, 2004 жылдан бастап болжамдау, қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, 2006 жылдан бастап Астана қаласы Қазынашылық департаментінің бастығының орынбасары, 2012 жылғы қазан айынан бастап Қазынашылық комитеті Түсімдерді есепке алу басқармасының басшысы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде жұмыс істегенде жүктелген міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ететін кәсіби басшы ретінде өзін көрсете білді, өзіне және қарамағындағыларға талапшыл, тәртіпті және жауапкершілікті.
«Қазынашылық жүйесінің үздікі» атағы берілді, 2013 жылы «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Теңгеге 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен, «Еуразиялық экономикалық одақты дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен, 2021 жылы «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік төсбелгісімен марапатталды.