
15 қарашада Қазақстанның қаржыгерлері қазақстандық ұлттық валюта – теңгенің пайда болу күнімен байланысты өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.
Өзінің кәсіби қызметін қаржы саласына арнаған адамдарды жоғары кәсібилік, сауаттылық және жауапкершілік ерекшелендіреді.
Бұл күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Төлем операциялары басқармасының басшысы Батима Кусаиновна Бейсенованың қызметін атап өткім келеді.
Батима Кусаиновна Бейсенова, 1990 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетті бітірді, «экономист» біліктілігін иеленді.
Еңбек жолын 1990 жылы шілдеде Көкшетау облысының Ленинград аудандық қаржы бөлімінің штаты бойынша тексеруші – инспектор лауазымында бастады, 1990 жылдың желтоқсанынан бастап 1998 жылдың сәуіріне дейін Көкшетау облысының Ленин аудандық қаржы бөлімінің және Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық қаржы бөлімінің бюджеттік бөлім бастығы – меңгеруші орынбасары болып қызмет етті. 1998 жылдың сәуіріңде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне қазынашы лауазымында жұмысқа түсті. Жетекші қазынашы, бас маман-бас қазынашы, басқарма бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет етті. 2003 жылдың қазан айынан бастап Түсімдерді есепке алу басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. 2007 жылдың маусымынан бастап 2021 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Қазынашылық комитеті Төлем операциялары басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Қызмет атқару барысында Батима Кусаиновна өзін кәсіби қызметкер ретінде көрсетті. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын жақсы меңгерген, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, «Қазынашылық-клиент» жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамына енді, қазынашылықтың біріктірілген жүйесін енгізуге қатысты, республикалық бюджетті атқару мәселелерінде жақсы бағыт көрсете біледі. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды, жұмыста берілген тапсырмаларға жауапкершілік, адалдық және жүйелілік танытады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Департамент басшылығынан алған мадақтаулары бар. ЕҚЫҰ өткізуге көмектескені үшін Қазақстан Республикасы Президенті мен Астана қаласы әкімінің алғысы бар. 2017 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Атқарып жатқан қызметіңіз жемісті болсын, биік-белестерден көріне беріңіз!