Қазынашылық комитетінің төрағасы Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Қазынашылық комитетінің төрағасы Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

2023 жылғы 18 қазанда ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Келдібайұлы Тоқбаев Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізді.

       Рахат Тоқбаев баяндамасында қазынашылық органдарының қызметі мен міндеттері туралы әңгімеледі, сондай-ақ, бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету және электрондық депозитарийді жүргізудегі қазынашылық органдары қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.

Кездесу барысында Р. Тоқбаев азаматтардың азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу, жеке тұлғаларға шот ашу, ақпараттық жүйесінің жұмысы, құжаттардың өңделу мерзімі туралы сұрақтарына жауап берді.