Манарбек Бухарбаев Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысы лауазымына тағайындалды

Манарбек Бухарбаев Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысы лауазымына тағайындалды

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Аппарат басшысының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 815-ж/қ бұйрығымен Бухарбаев Манарбек Мусинович Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысы лауазымына тағайындалды.

      М. Бұхарбаев 1998 жылы  Ақмола қаржы- экономикалық колледжін және   2003 жылы  Алматы экономика және статистика академиясын тамамдаған.

      Еңбек жолын Ақтөбе облыстық қазынашылық басқармасында жетекші маман-жетекші қазынашы болып бастады.

       Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің  басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшының орынбасары қызметін атқарды.

     «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен,  «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен,  «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік төсбелісімен марапатталған.