
Қазынашылық комитетінің өкілдері - төраға орынбасары Ғабиден Жақсылықов пен Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы Ерлан Тюлюпов 19-23 маусым аралығында Корея Республикасында өткен “IFMIS-тің 2023 жылға арналған әлеуетін арттыру бағдарламасы. IFMIS трендтері және dBrain+ тәжірибесі” атты конференцияға қатысып қайтты.
Конференция барысында Ғ.Жақсылықов Қазақстан қазынашылығы туралы “Мемлекеттік қаржыны атқарудағы ақпараттық жүйелер” тақырыбында баяндама жасады.
Түсініктеме: IFMIS деген - Кореяның қаржылық ақпарат қызметі - Кореяның қаржы менеджменті ақпараттық жүйесін (FMIS) пайдалану мен басқаруға жауапты Корея Республикасының Экономика және қаржы министрлігі жанындағы мемлекеттік мекеме.