Қазынашылық комитетінің төрағасы Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Қазынашылық комитетінің төрағасы Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

2023 жылғы 22 маусымда ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Келдібайұлы Тоқбаев Абай облысының тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізді.

       Рахат Тоқбаев өз баяндамасында жалпы қазынашылық органдарының қызметі мен міндеттері туралы әңгімеледі, сондай-ақ, бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету және электрондық депозитарийді жүргізудегі қазынашылық органдары қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.

Кездесу барысында Р. Тоқбаев азаматтардың "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесінің жұмысына, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге, бюджеттік ұйымдарды қазынашылық ақпараттық жүйеге қосу мерзімдері мен техникалық мүмкіндіктеріне, төлем шоттарын бекітуге қатысты сұрақтарына жауап берді.