АҢДАТПА! Алматыда 21 елдің қатысуымен қазынашылық қауымдастықтың пленарлық мәжілісі өтеді

АҢДАТПА! Алматыда 21 елдің қатысуымен қазынашылық қауымдастықтың пленарлық мәжілісі өтеді

Күні: 23-26 мамыр 2023 жыл

Орны:  Алматы, Желтоқсан көшесі, 181, Intercontinental Almaty қонақүйі

 

ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, PEMPAL және PEMNA атты қазынашылық қауымдастықтардың пленарлық мәжілісін өткізеді.  

Қатысушылар: Дүниежүзілік банктің, PEMPAL бағдарламасының өкілдері, ҚР Қаржы министрлігі және ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің басшылығы, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД 21 елінен  келген мамандар.

Мәжіліс барысында мынадай тақырыптар қозғалады:

- ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің мемлекеттік бюджетті атқару саласындағы тәжірибесі: қазынашылық органдарының функциялары мен міндеттері, негізгі жетістіктері;

-   бюджетті орындаудың әртүрлі модельдері және қазынашылық бақылау мен тәуекелдерді басқару құралдарын қолданудың тиісті тәсілдері;

- басқа елдердің қазынашылықтарында қолданылатын цифрлық технологиялар;

- dBrain жүйесінің жаңа буынын енгізу бойынша Корея Республикасының тәжірибесі.

- бюджеттің орындалуы және қазынашылық бақылау шаралары: француз және англо-саксон модельдерін салыстыру.

 

 

Аккредитация: +7(7172)71-75-47,   +7 707 823 70 70,

эл. почта:  a.sadybek@minfin.gov.kz