
29 сәуірде Астанада «Жасыл Астана» экоайлығы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке Қазынашылық комитетінің басшылығы мен қызметкерлері өз үлестерін қосып, белсене атсалысты.
Сенбілікте біздің әріптестеріміз өз учаскелерінде жас шырша көшеттерін отырғызды.
Астана қаласы әкімдігінің ресми хабарлауынша жалпықалалық сенбілікке 62 мыңнан астам адам қатысты. Олардың ішінде қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бизнес өкілдері де бар.