
Ағымдағы жылдың 18, 19 қаңтарда Қазынашылық комитеті PEMPAL (Азиядағы мемлекеттік шығыстарды басқару желісі) қазынашылық тәжірибешілер қауымдастығының отырысына және Таиландтың Бангкок қаласында өткен басқарушы комитеттің отырысына қатысты. Аталған іс-шарада Комитеттің атынан төраға Тоқбаев Рахат Келдібайұлы және талдау, бағалау және тәуекелдер басқармасының басшысы Чиканаев Тенгиз Қазбекұлы "Қазынашылық комитетінің мемлекеттік бюджетті атқарудағы миссиясы мен рөлі" атты презентацияны таныстырды. Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан қазынашылығының PEMNA қоғамдастық құрамына кіру болды.