
Ағымдағы жылдың 6 наурызында Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінде Департамент басшысы Ә. С. Дүйсенбаевтың төрағалығымен және басшының орынбасарлары, құрылымдық бөлім басшылары мен аудандық, қалалық қазынашылық басқармаларының басшыларының қатысуымен алқа мәжілісі өтті.
Алқа мәжілісінің күн тәртібінесәйкес Департамент басшысы Ә. С. Дүйсенбаев «Қазынашылық департаментінің 2019 жылы атқарылған жұмыстар есебі мен 2020 жылдың міндеттері» тақырыбында алқа мәжілісін ашты.
Мәжіліс барысында тиісті құрылымдық бөлімдер мен аудандық, қалалық басқарма басшыларының атқарылған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалып, алқа төрағасы жұмысты жетілдіру мақсатында және міндеттерді жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.