«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қаржы министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы»  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары  — Қаржы министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысының 2022 жылғы 25 қарашадағы № 1196 бұйрығымен бекітілген «Бірыңғай баланс ұстаушы» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-процестерді жүргізу тәртібін іске асыру жөніндегі Жол картасының 12-тармағын орындау үшін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірледі.

Осы бұйрықтың жобасы мына бұйрықтардың күшін жоюды көздейді: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің           2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 489; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 489 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 227 бұйрығы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 489 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 1028 бұйрығы.

 

Бұйрықтың осы жобасы 2022 жылғы 01 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz) орналастырылған.