
Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ Комитет қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жақсылыққызы Жылкышиеваның қатысуымен дәріс өткізілді.
Өз сөзінде, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Ж.Ж. Жылкышиева сыбайлас жемқорлықтын алдын алудың негізгі құралдары бойынша түсініктеме берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуге (құқық қолдану тәжірибесін бағалау), сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға (сыбайлас жемқорлықтың себебі мен салдарын жою), сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға (қоғамда сыбайлас төзбеушілікті арттыру), сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге, мүдделер қақтығысын реттеуге негізделеді.
Ж.Ж. Жылкышиева мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерін қабылдауға ерекше назар аударылды.
Соңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Ж.Ж. Жылкышиева дәріске қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.