
2020 жылдың 18 ақпанында Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінде департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Т. Есқараевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Ұ.Байхожаевтың, бас маманы Б.У. Нұралының және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкері А.А. Тұрабаеваның қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, туындаған сұрақтарға жауап берілді.