
2019 жылы қазынашылыққа ұсынылған қаржы құжаттарының талдау жұмыстарында (қаржы жоспары және оған өзгеріс енгізу үшін жіберілген анықтамалар, төлеуге берілетін шоттар, шарттарды тіркеу өтінімдері т.б.) дұрыс рәсімделмеу себебінен орындаусыз қайтарылған құжаттардың басым бөлігі Шымкент қаласының білім басқармасы әкімшілігіне қарасты мекемелерге тиісті екені анықталды.
Осыған байланысты, Департаментте «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасауды және т.б. бюджеттік заңнама талаптарын түсіндіру үшін 2020 жылдың 5-7 ақпан аралығында аталған мемлекеттік мекемелерге семинар-кеңестер өткізілді.
Департамент басшылығы және қызметкерлері тарапынан тақырып шеңберінде қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.