Ұлттық валюта –ТЕҢГЕ күнімен, ҚР Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен!

Ұлттық валюта –ТЕҢГЕ күнімен, ҚР Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен!

Бүгін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілген күн. 29 жыл бұрын, қарашаның қақ ортасында Қазақстандықтардың қалтасында алғаш рет валюта пайда болды және Ұлттық валюталық өмірдің басталуымен біздің егемендігіміздің негізі нығайды. Тәуелсіз Қазақстан үшін маңызды тарихи сәттердің бірі, егер мемлекеттің дербестігін нығайтатын тікелей фактор ұлттық валютаны енгізу болып табылатынын ескерсек, теңгемен жаңа экономикалық саясатқа көшу болды.

2022 жылғы 15 қарашада ұлттық валюта күні қарсаңында Қазынашылық комитетінің Төрағасы Рахат Токбаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, мінсіз және жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді. Құттықтаудан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің бірқатар қызметкерлері марапатталды.

Құрметті әріптестер, құрметті қаржыгерлер сізді кәсіби мереке – қаржыгер күнімен және ұлттық валюта – теңгемен құттықтаймыз және ел мүддесі үшін еңбекте табыс тілейміз!