"Жайлы мектеп" жаңа Ұлттық жобасын енгізу тетіктерін талқылау

"Жайлы мектеп" жаңа Ұлттық жобасын енгізу тетіктерін талқылау

Бүгін Қазынашылық комитетінде Рахат Токбаевтың төрағалығымен Астана қаласы әкімдігі, ҚР Білім Министрлігі және "Samruk-Kazyna Construction"АҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Оқушы орындарының, үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығы проблемаларын шешу үшін "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасын енгізу тетіктерінің мәселелері талқыланды.