Қазынашылық комитеті бюджет қаражатын игеру кезінде бұзушылықтарға жол бермеу мәселелерін талқылады

Қазынашылық комитеті бюджет қаражатын игеру кезінде бұзушылықтарға жол бермеу мәселелерін талқылады

Бүгін Қазынашылық комитеті қаржы қызметтері басшыларының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бас бухгалтерлерінің және 20 өңірден Қазынашылық департаменттерінің өкілдерінің қатысуымен кеңес ұйымдастырды.

Негізгі мәселе-қаржы жылының аяқталуы. Бюджет қаражатын игеруге байланысты тәуекелдер, заңдар мен бюджеттік рәсімдерді сақтау туралы талқыланды.

Келесі қаржы жылына арналған жоспарлар мен ағымдағы жылдың нәтижелері бойынша есептер талқыланды.

Сондай-ақ республикалық бюджеттің түзетулерін уақтылы іске асыру, Үкімет резервінен бөлінген пайдаланылмаған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу, нысаналы трансферттер жөніндегі мәселелер қаралды.