Қазынашылық қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазынашылық қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бүгін 2022 жылы 22 қазанда Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 1047 Жарлығымен елдің қаржы жүйесіне қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесі қызметкерлері, оның ішінде Қазынашылық комитеті қызметкерлері мемлекеттік наградаларымен марапатталды:

«Құрмет» орденімен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Бакыт Аскеровна Тулегенова марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

- Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Бекайдар Гаукарбекович Байдуйсенов;

- Жетісу облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Светлана Сергеевна Лим;

- Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаменті Атбасар аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Владимир Иванович Кот марапатталды.