Қазынашылық комитетінде қазынашылық қызметінің ардагерлерін құттықтау рәсімі өтті

Қазынашылық комитетінде қазынашылық қызметінің ардагерлерін құттықтау рәсімі өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Қазынашылық комитетінде қарттар күніне арналған іс-шара өтті. Қазынашылық комитетінің төрағасы Токбаев Рахат Кельдибаевич дана ұрпақты құттықтап, зор денсаулық, оптимизм және ұзақ қуанышты өмір тіледі.

Қазынашылық ардагерлерінің атынан Қазынашылық комитетінің бұрынғы төрағасы Саткалиева Валентина Адамовна жауап сөз сөйледі.

Қазынашылық қызметтің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі, жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы үшін ардагерлеріміз алғыс хаттармен марапатталды, сондай-ақ естелік сыйлықтар табысталды.

Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.