Қазынашылық комитетінде 2020 жылғы 18 ақпанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2019 жылдың қорытындылары және 2020 жылдың міндеттері» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырыс Қазынашылық комитетінің төрағасы Айдын Ашуевтың басшылығымен өтті. Оған Қазынашылық комитеті орталық аппаратының және облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Қазынашылық департаменттерінің басшылары қатысты.
Отырыс барысында бірінші болып Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары А.М. Байгужина «Қазынашылық комитетінің 2019 жылдың қорытындылары және 2020 жылдың міндеттері» тақырыбына баяндама жасады.
«Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу» пилоттық жобасын іске асырудың жол картасын іске асыру» тақырыбында Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары М.Б. Жексембин баяндамасын оқыды.
Бұдан әрі, Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары М.Б. Жексембин, Ведомстволық бақылау басқармасының басшысы Ф.С. Толекова, Қазынашылық департаментінің басшылары Н.Т., Жамбыл облысы бойынша Тойбаев, Атырау облысы бойынша А.К Шанкиевтың және Түркестан облысы бойынша Л.Е. Шукеева баяндамаларын жасады.
Айтылған мәселелердің ішінде мемлекеттік сатып алуға ерекше назар аударылды, «Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру» пилоттық жобасын іске асыру аясында қазынашылық аумақтық органдарға сапалы жұмысты үйлестіру қажеттілігі аталды. Сонымен қатар, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар айтылды.
Сөз соңында Айдын Ашуев Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын атап өтті. Отырысты қорытындылап, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттерді айтты.